30.03.2017

2017 жылғы 29 наурыздағы ҒТК секциясының отырысы (2017 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша)

2017 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің Ғылыми-техникалық кеңесінің (Қазғарыш ҒТК) 2 «Экологиялық қауіпсіздік және кадрлармен қамту» секциясының «Ғарыштық-зымыран қызметінің экологиялық тәуекелдеріне баға беру және оның қоршаған орта мен халықтың денсаулығына тигізетін жағымсыз әсерін барынша азайту әдістерінің жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша 008 «Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» РББ шеңберінде «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК-ның келесі міндеттер (кезеңдер) бойынша жүзеге асырған жұмыстарының 2017 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша орындалу барысы туралы отырысы болып өтті:

1) Ғарыштық мақсаттағы зымырандардың апаттық құлау аймақтарындағы қоршаған орта нысандары мен халықтың денсаулық күйі көрсеткіштерінің серпінін зерттеу.

2) Зымыран-тасығыштардың ажырайтын бөліктерінің құлау аудандарының экологиялық тұрақтылығын зерттеу.

3) Қоршаған орта нысандарындағы зымыран отынының компоненттері мен олардың өзгеру өнімдерін анықтау әдістемелерін әзірлеу.

4) Топырақтағы симметриялы емес диметилгидразин (СЕДМГ) мен оның туынды заттарының химиялық өзгеру процестерін зерттеу.

2-секция отырысының қорытындысы бойынша жоба бойынша 2017 жылдың 1-тоқсанына арнап жоспарланған жұмыстар толық көлемде орындалды, алынған нәтижелер зерттеулердің міндеттеріне және күтілген нәтижелерге сай деген шешім қабылданды. 2017 жылдың 1-тоқсаны бойынша есеп беру мақұлдансын. Есеп беруді Қазғарыштың ҒТК отырысында қарастыру ұсынылады.

Пікірлер

Пікірлер жазу:

Skip to toolbar