13.04.2018

Поздравление Министра оборонной и аэрокосмической промышленности РК Б.Б. Атамкулова с 12 апреля — Международным днем первого полета человека в космос

Құрметті әріптестер!

Сіздерді айтулы мереке – Адамзаттың алғаш ғарышқа ұшу халықаралық күнімен құттықтаймын! Ғарыш… Ғарышкер… Бұл сіз бен бізге етене жақын ұғымдар. Қазақстан үшін ғарыш саласының орны ерекше. Өйткені, ғарыш кеңістігіне адамзат баласын арқалаған әуе кемесі тұңғыш рет қазақ жерінен қанат қақты. Еліміздің экономикасы үшін ғарыш қызметі бүгінде маңызды сала болып отыр. Бұл тұрғыда іргелі істердің атқарылуы мен жеткен жетістіктеріміздің бәрі сіздердің еселі еңбектеріңіздің арқасы. Өздеріңіздей майталман мамандар барда біздің бағындырар белесіміз зор деп білемін. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, Отандық ғарыш саласының дамуы жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін! Дендеріңіз сау, отбастарыңыз аман болсын!

Құрметпен,

Бейбіт Атамқұлов

Коментарии

Написать коментарий:

Перейти к верхней панели