21.04.2017

Кәсіпорын қызметкерлерінің «Союз-МС-04» КПК-мен «Союз-ФГ» ЗТ-ның ұшырылымын экологиялық сүйемелдеуге арналған қызметтік экспедициялары

2017 ж. 7 сәуірі – кәсіпорынның Байқоңыр қ. Өкілдігінің зертхана қызметкерлері «Союз-МС-04» КПК-ға жанармай құю кезінде атмосфералық ауаны аспаптық өлшеу және оның сынамаларын алу жұмыстарын, КПК-ға жанармай құйылғаннан кейін 31-алаңш. ЖБС аумағының шекарасында топырақ сынамаларын алу жұмыстарын жүргізді.

2017 ж. 20 сәуірі – кәсіпорынның Байқоңыр қ. Өкілдігінің қызметкерлері 1-алаңш. ҰА-да «Союз-ФГ» ЗТ-ға жанармай құю кезінде атмосфералық ауаны аспаптық өлшеу және оның сынамаларын алу, «Союз-МС-04» КПК-мен «Союз-ФГ» ЗТ-ның ұшырылымынан кейін 1-алаңш. ҰА-ның сыртқы шекарасында топырақ сынамасын алу жұмыстарын жүргізді, елдімекендердің Бақйоңыр қ., Ақай а., Төретам кенті) тіршілік ортасының күйін бақылау үшін «Союз-МС-04» КПК-мен «Союз-ФГ» ЗТ-ның ұшырылымына дейін және одан кейін қоршаған орта нысандарының (атмосфералық ауа, ауыз су, топырақ) сынамаларын алды.

2017 ж. 16-26 сәуірі – кәсіпорын қызметкерлері “Байқоңыр” ғарыш айлағынан “Союз МС-04” КПК-мен “Союз-ФГ” ЗТ-ның ұшырылымын экологиялық сүйемелдеу үшін Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы № 16, 67 ҚА-ларда іс-сапарда жүр.

Пікірлер

Пікірлер жазу:

Skip to toolbar