28.03.2018

«Союз МС-08» КҰБ-мен «Союз-ФГ» ЗТ-ның ұшырылымын экологиялық сүйемелдеу

«Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК 2018 жылдың 06 және 23 наурызы аралығында Байқоңыр ғарыш айлағынан 2018 жылдың 21 наурызында Мәскеу уақыты бойынша 20 сағат 44 минутта болған «Союз МС-08» КҰБ-мен «Союз-ФГ» ЗТ-ның ұшырылымын экологиялық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді.

Ұшырылым штаттық режимде өтті. ЗТ-ның барлық ажырайтын бөліктері құлау ауданына құлады.

Ғарыш айлағының орналасу ауданында «Союз МС-08» ҚҰБ-ға 31-ал. ОС-да отын құю бойынша арнайы жұмыстарды жүргізу кезінде және олар аяқталғаннан кейін және 1-ал. СК-да ЗТ-ға отын құю бойынша арнайы жұмыстарды жүргізу кезінде және «Союз МС-08» КҰБ-мен «Союз-ФГ» ЗТ-ның ұшырылымынан кейін қоршаған ортаның ластануын бақылау жұмыстары жүргізілді.

2018 жылдың 6 наурызында 31-ал. ОС СҚА шекарасында «Союз МС-08» ҚҰБ-ға отын мен тотықтырғыш құю кезінде атмосфералық ауаны аспаптық өлшеу жұмыстары жүргізіліп, атмосфералық ауа сынамалары алынды, «Союз МС-08» ҚҰБ-ға отын құйылғаннан кейін топырақтың беткі қабатының сынамалары алынды.

2018 жылдың 21 және 22 наурызында 31-ал. ОС СҚА шекарасында «Союз МС-08» ҚҰБ-ға отын құю кезінде атмосфералық ауаны аспаптық өлшеу жұмыстары жүргізілді, «Союз МС-08» КҰБ-мен «Союз-ФГ» ЗТ ұшырылымынан кейін топырақтың беткі қабатының сынамалары алынды.

«Союз-ФГ» ЗТ бірінші сатысының құлау ауданында (№ 16, 49 ҚА) 2018 жылдың 20 және 23 наурызы аралығында фондық нүктелері мен «Союз-ФГ» ЗТ бүйірлік блоктарының құлау орындары зерттеліп, барлық төрт бүйірлік блоктың құлау орындарының географиялық координаталары анықталып және оларға сипаттама берілді, бүйірлік блоктардың күйі сипатталды, ЗТ бүйірлік блоктарының құлау орындарының жағдаяттық сұлбалары әзірленіп, «Союз МС-08» КҰБ-мен «Союз-ФГ» ЗТ ұшырылымына дейін және одан кейін фондық нүктелерде және «Союз-ФГ» ЗТ бүйірлік блоктарының құлау орындарында атмосфералық ауаны аспаптық өлшеу жұмыстары жүргізіліп және топырақ сынамалары алынды.

Камералық кезеңде қоршаған орта нысандарының алынған сынамалары мен тіршілік ортасына оларда ластаушы заттардың болу-болмауына қатысты сандық химиялық талдау жүргізіліп, даладағы және зертханалық жұмыстардың нәтижелерін ГАЖ-технологияларын қолданумен талдау және өңдеу жүргізілді.

Пікірлер

Пікірлер жазу:

Skip to toolbar