21.02.2017

әл-Фараби ат. Мемлекеттік сыйлығын алуға ұсыну туралы ҒТК

2017 ж. 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК Ғылыми-техникалық кеңесінің отырысы болып өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе: «Байқоңыр» ғарыш айлағының ғарыштық-зымыран қызметін экологиялық нормалау жүйесін әзірлеп ендіру» циклындағы жұмыстарды және авторларды 2017 ж. әл-Фараби ат. ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын алуға ұсыну.
Отырыс нәтижелері бойынша ҒТК мүшелері шешім қабылдады:
1. «Байқоңыр» ғарыш айлағының ғарыштық-зымыран қызметін экологиялық нормалау жүйесін әзірлеп ендіру» циклындағы жұмыстарды 2017 ж. әл-Фараби ат. ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын алуға ұсыну.
2. Ж. Жұбатовтың, В.А. Козловскийдің кандидатураларын 2017 ж. әл-Фараби ат. ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған авторлық ұжымның құрамына енгізуге арнап ұсыну.

Пікірлер

Пікірлер жазу:

Skip to toolbar