23.11.2016

2016 жылғы 23 қарашадағы ҒТК секциясының отырысы (2016 жылдың қорытындысы бойынша)

      2016 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің Ғылыми-техникалық кеңесінің (Қазғарыш ҒТК) 2 «Экологиялық қауіпсіздік және кадрлармен қамту» секциясының «Ғарыштық-зымыран қызметінің экологиялық тәуекелдеріне баға беру және оның қоршаған орта мен халықтың денсаулығына тигізетін жағымсыз әсерін барынша азайту әдістерінің жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша 076 «Ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» РББ шеңберінде «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК-ның келесі міндеттер (кезеңдер) бойынша жүзеге асырған жұмыстарының 2016 жылдың қорытындысы бойынша орындалу барысы туралы отырысы болып өтті:

1) Ғарыштық мақсаттағы зымырандардың апаттық құлау аймақтарындағы қоршаған орта нысандары мен халықтың денсаулық күйі көрсеткіштерінің серпінін зерттеу.

2) Зымыран-тасығыштардың ажырайтын бөліктерінің құлау аудандарының экологиялық тұрақтылығын зерттеу.

3) Қоршаған орта нысандарындағы зымыран отынының компоненттері мен олардың өзгеру өнімдерін анықтау әдістемелерін әзірлеу.

4) Топырақтағы симметриялы емес диметилгидразин (СЕДМГ) мен оның туынды заттарының химиялық өзгеру процестерін зерттеу.

2-секция отырысының қорытындысы бойынша жоба бойынша 2016 жылға арнап жоспарланған жұмыстар толық көлемде орындалды, алынған нәтижелер зерттеулердің міндеттері мен күтілген нәтижелерге сай деген шешім қабылданды. 2016 жыл бойынша есеп беру мақұлдансын. Есеп беруді Қазғарыштың ҒТК отырысында қарастыру ұсынылады.