25.05.2016

2016 жылғы 25 мамырда кәсіпорында ҒТК отырысы өтті

     2016 жылғы 25 мамырда «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК ғылыми-техникалық кеңесінің отырысы болды, онда 2016 ж. 26-27 мамырда өтетін «Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметі экологиялық қауіпсіздігінің Қазақстан-Ресей бағдарламаларының қазақстандық бөлігі отырысының күн тәртібі бойынша баяндамалар бастапқы тыңдаудан өтті.

Қатысқандар:

ҒТК төрағасы – Жұбатов Ж.Қ, бас директор, т.ғ.д.

ҒТК мүшелері: Бимағанбетова А.О. – бас директордың орынб., х.ғ.к.;

Сермағамбетов Ә.Е. – бас директордың орынб.;

Козловский В.А. – ғылыми хатшы, м.ғ.д., профессор;

Позднякова А.П. – МББ бастығы, м.ғ.д.;

Бекбасаров Ш.Ш – ЭББ бастығы, т.ғ.д.;

Агапов О.А. – ЭББ бастығының орынб.;

Кабулова Г.К. – ЭББ секторының меңг., х.ғ.к.;

Гусарова Н.М. – ГАЖ бөлімінің бастығы;

Әділгирейұлы З. – МББ баст.орынб, м.ғ.к.;

Әшірбеков Г.Г. – МББ БҒҚ, д.м.н.;

Байбатшаев А.А. – ЭББ АҒҚ, кәсіпорын қызметкерлері.

Баяндамалардың тақырыптары:

  1. «Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасы бойынша (2013-2015 жж. арналған) 2015 жылғы жұмыс нәтижелері.
  2. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ЗТ мен ҚБЗ ұшырылымдарын бірлескен экологиялық сүйемелдеу жоспарын 2015 жылы жүзеге асыру жұмыстарының нәтижелері.
  3. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ЗТ мен ҚБЗ ұшырылымдарын бірлескен экологиялық сүйемелдеу жоспарын 2016 жылы жүзеге асыру жұмыстарының нәтижелері.
  4. «2013 жылғы 2 шілдеде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» ғарыштық мақсаттағы зымыранының апаттық ұшырылымымен байланысты қолайсыз факторлардың әсер ету зардаптарын жою бағдарламасы» шеңберінде 2014-2015 жж. орындалған жұмыстардың нәтижелері.
  5. «Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметінің экологиялық қауіпсіздігін және ғарыш айлағына іргелес орналасқан аймақтардағы халықтың әлеуметтік-гигиеналық аман-есендігін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимылдар бағдарламасын» 2016 жылы орындау бойынша техникалық тапсырмалар.
Skip to toolbar