14.12.2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығының құрметіне арнап марапаттау

2016 жылдың 13 желтоқсанында Астана қ. Министрліктер үйінің жиналыс залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты жиналыс болып өтті, оған ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Б.Б. Атамқұлов, жауапты хатшысы А.М. Ахметжанов, вице – министрлер Д.В. Голобурда және А.К. Рамазанов, Аэроғарыш комитетінің Төрағасы Е.М. Шаймағамбетов, Аэроғарыш комитеті Төрағасының орынбасары Е.М. Нұрғалиев, сондай-ақ Аэроғарыш комитеті мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқа да жауапты қызметкерлері қатысты.

         Салтанатты жиналыста Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің министрінің, Министрліктің жауапты хатшысының мерекелік баяндамасы мен құттықтаулары, сондай-ақ Министрлік жүйесінде қызмет ететін шақыртылған еңбегі сіңген жұмыскерлердің құттықтау сөздері тыңдалды.

         Министр Б.Б. Атамқұлов Министрлік жүйесінде қызмет ететін жұмыскерлерді ордендер мен медальдармен марапаттады.

Куәлігіне ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қолы қойылған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы құрметіне арналған мерейтой медалімен Жарлыққа сәйкес «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК-дан әкімшілік-экономика бөлімінің бастығы – Черногрицкая Валентина Петровна марапатталды.

Марапаттау сәтінде және салтанатты жиналыс аяқталғаннан кейін марапатталған адамдар мен Министр бірге естелік суретке түсті.

dsc_0082 dsc_0116

Skip to toolbar