03.06.2022

Флора мен фаунаның жыл сайынғы экологиялық мониторингі

«Инфракос» РМК-ның Алматы қ. филиалы мен «Инфракос» РМК-ның Жезқазған қ. Өкілдігінің қызметкерлері 2022 жылдың 3 маусымында  120А ҚА құлау ауданы мен Қостанай облысының Жангелді ауданындағы іргелес аймаққа «Бәйтерек» БК» АҚ мен «Инфракос» РМК-ның Алматы қ. филиалының өзара жасасқан келісімшарты шеңберінде флора мен фаунаның индикаторлық түрлерінің сандық және сапалық сипаттамаларына жыл сайынғы экологиялық мониторинг жүргізу үшін экспедициялық сапарға шықты. Экспедиция 2022 жылдың 13 маусымына дейін жалғасады.

Skip to toolbar