22.08.2017

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысу

     «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысу мақсатында, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардағы балаларды мектепке даярлауда адрестік көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытумен, «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК қызметкерлері келесі балаларға 72 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті, олар: Гаврилов Александр Николаевич, 2003 жылы туылған, № 144 КГУ ШК 8 «В» сыныбының оқушысы, қамқоршысы Фомина Алла Анатольевна, сондай-ақ Дюсембинова Даяна Ақанқызы, 2010 жылы туылған, № 2 гимназия-мектебінің 2 сынып оқушысы, қамқоршысы Менаякова Гүлнар Төлегенқызы.

     Әр балаға деген үлкен ықыласымыз бен шынайы қамқорлығымызды білдіре отырып, оларға өздері ұнатқан мектеп киімін, мектепке ұстайтын сөмкелерді, спортқа арналған аяқ-киім, кеңсе тауарларын сатып алуға көмектестік.

Skip to toolbar