Бөлімдер

Кәсіпорынның Нұр-Сұлтан, Жезқазған және Байқоңыр қалаларында Өкілдіктері бар. Жезқазған және Байқоңыр қалаларында аттестациядан өткен химия-экологиялвқ зертханалар жұмыс істейді.

Экологиялық мониторинг бөлімі

Бөлім кəсіпорынның жетекші құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады жəне келесі бағыттар бойынша жұмыс түрлерін жүргізеді:
– ҒЗҚ-ның экологиялық қауіпсіздігі саласындағы бағдарламалар мен жобаларды əзірлеу жəне жүзеге асыру;
– «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран-тасығыштардың (ЗТ) жəне құрлықаралық-баллистикалық зымыран ұшырылымдарын экологиялық сүйемелдеу;
– ЗТ апаттық ұшырылымдарының экологиялық зардаптарын экологиялық зерттеу жəне бағалау;
– Қазақстан аймақтарының ҒЗҚ-і əсеріне ұшыраған телімдеріне экологиялық мониторинг жүргізу;
– Ғарыш саласында жоспарланған қызметтің қоршаған ортаға тигізетін əсерін бағалау (ҚОƏБ);
– ҒЗҚ экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-əдістемелік құжаттардың жобаларын əзірлеу;
– ҒЗҚ қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз əсерін азайту бойынша ұсыныстарды əзірлеу жəне жүзеге асыру.

Медициналық бағдарламалар бөлімі.

Кəсіпорынның жетекші бөлімшелерінің бірі, ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберінде «Байқоңыр» ғарыш айлағының нысандарына, зымыран-тасығыштардың апатқа ұшырау аудандарына іргелес аймақтардағы əлеуметтік-экологиялық ахуалға, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына баға беру жұмыстарымен айналысады:
– қыстақтар мен елді мекендердегі тіршілік ортасы нысандарының зымыран отыны компоненттерімен олардың түрлену өнімдерімен ластануын бағалау;
– өмір сүру сапасын жəне ҒЗҚ-мен байланысты психоэмоциялық жəне басқа факторлардың тұрғындар денсаулығына əсер ету дəрежесін əлеуметтік зерттеу;
– тұрғындардың денсаулық жағдайы мен ҒЗҚ тəуекел-факторларының арасындағы себепсалдар байланыстарын анықтау;
– ресми статистиканың деректері бойынша тұрғындардың денсаулық жағдайына мониторинг, талдау жүргізу жəне болжамдау;
– тұрғындардың денсаулығын скрининг жəне тереңдетілген медициналық тексерулер арқылы зерттеу;
– зымыран-тасығыштардың апаттық құлау аудандарында медициналық зерттеу жүргізудің тəртібі мен көлемін анықтап, ҒЗҚ жағдайында тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын нормативті-əдістемелік қамтамасыз ету жобаларын əзірлеу;
– ҒЗҚ-ның тұрғындар денсаулығына тигізетін қатерлі əсерінің алдын-алу мен азайту бойынша ұйымдастыру жəне медицинапрофилактикалық, санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар кешенін əзірлеу.

Ғылыми-техникалық ақпараттар бөлімі.

Бөлім тақырыптық геоақпараттық жүйелерді құрастырумен жəне картографиялық жұмыстармен айналысады. Кəсіпорында «Байқоңыр» кешеніне экологиялық мониторинг жүргізу геоақпараттық жүйесі енгізілген. Жүйеде «Орналасу ауданы», «Құлау аудандары», «Апаттық жағдайлар», «Санэпид» жеке блоктар ретінде бөлінген.
«Байқоңыр» кешенінің ғарыштық-зымыран қызметі əсеріне ұшыраған Қазақстан Республикасының аймақтарын экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық жəне медициналық зерттеудің нəтижелері бойынша геоақпараттық деректер қоры жыл сайын жаңартылып отырады. Деректерді енгізу, өңдеу, талдау жəне көрсету үшін базалық программалық өнімдер ретінде ArcGIS 10.1 for Desktop Advanced (ArcInfo), ArcGIS 10.1 Spatial Analyst for Desktop, MapInfo Professional 12.5. программалары қолданылады. Негізгі жиынтыққа қосымша ретінде CorelDraw Graphics Suite X7, Adobe Photoshop CS5 Extended программалары кіреді.

Алматы қ. аналитикалық зертхана

Аналитикалық зертхана 2002 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағының ғарыштық-зымыран қызметінің əсеріне ұшыраған аймақтардағы қоршаған орта нысандарына экологиялық бақылау жүргізу мақсатында құрылған.
Зертхана экологиялық нормалау жүйесін жетілдіру бағытында ғылыми зерттеулер жүргізеді. Зертхананың негізгі міндеті зымыран отынының уытты компоненттерімен (ЗОК) ластанған топырақты уытсыздандыру технологияларын; қоршаған ортаның түрлі нысандарында ЗОК уытты туындыларын өлшеу əдістемелерін; кəсіпорынның стандарттық үлгілерін; қоршаған орта нысандарында ЗОК жəне олардың өзгеру өнімдерінің шектіжарамды концентрацияларын экспериментальді зерттеп əзірлеу болып табылады.
Зертхана заманауи өлшеу құралдары мен сынақтық жабдықтар жəне қоршаған орта нысандары сынамаларын алу, тасымалдау, сақтау құралдарымен қамтылған.