01.11.2021

«Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК-ның «Инфракос» ШЖҚ РМК-ның Алматы қ. филиалы ретінде қайта құрылуы туралы

Осы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.05.2021 ж. № 295 «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Инфракос» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне өзгерту енгізу туралы» қаулысына сәйкес, «Инфракос» ШЖҚ РМК оған ҚР ЦДИАӨМ АҒК «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК-ны қосу арқылы қайта ұйымдастырылғаны туралы хабарлаймыз.

2021 жылдың 20 тамызында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің №532 бұйрығымен «Ғарыш-Экология» ҒЗО» ШЖҚ РМК мен «Инфракос» ШЖҚ РМК арасындағы тапсыру актісі бекітіліп және «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның 16.09.2021 ж. №28519 бұйрығымен «Ғарыш-Экология» ҒЗО» ШЖҚ РМК-ның қызметі тоқтатылған болатын.

«Инфракос» ШЖҚ РМК-ның 20.10.2021 ж. №138-н/қ бұйрығымен «Инфракос» РМК-ның Алматы қ. филиалы құрылды.

Skip to toolbar