10.06.2022

Қарағанды облысының Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі онкологиялық аурулардың таралу себептерін зерттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысу туралы

«Инфракос» РМК-ның Алматы қ. филиалы Қарағанды облысының Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі онкологиялық аурулардың таралу себептерін зерттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) жұмысына қатысады.

«Қарағанды облысының Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі онкологиялық аурулардың, сонымен бірге Байқоңыр ғарыш айлағы қызметінің әсеріне қатысты себептерін зерттеу» Жол картасы шеңберінде «Инфракос» РМК-ның Жезқазған қ. Өкілдігінің қызметкерлері 24 және 26 мамыр аралығында Жезқазған қ. мен оның айналасындағы аумақтан 8 су сынамасы мен 28 топырақ сынамасын алды.

Алынған топырақ және су сынамаларына жүргізілген сандық химиялық талдау үлгілерде аспаптың сезімталдық шегінде гептилдің жоқ екенін көрсетті.

Skip to toolbar