02.08.2017

(Руc) Ғарыш айлағының экологиясын зерттеу ісіне үлес

Өткен ғасырдың 90-жыл­да­ры­ның орта тұсына де­йін зымы­ран тасығыштарды ұшырудың қорша­ған ортаға тигізетін әсері жайлы ақпараттың мүлдем дерлік жоқтығы зымырантасығыш­тар­дың ажырайтын бөліктері тү­суі үшін бөлінген аумақтардың экологиялық жай-күйі мен то­пы­­ра­ғының лас­тануы туралы мәлі­меттердің 50 жылдан астам уақыт бойы болмауына әкеп соқтырды. Гептилдің түрлену механизмі мен оның ыдырауыт уралы мәліметтер өте аз болды. Қор­­шаған ортадағы гептил мен оның уытты туынды заттарының экологиялық-гигиеналық норма­тивтері жоқ еді. Сондықтан топы­рақ­тың ластануы симметриялы емес ди­ме­тилгидразиннің (геп­тилдің) хи­миялық ыдырау өнім­дерін ескерусіз және табиғи орта­ның орнықтылығына баға берусіз, тек оның (гептилдің) бір ғана жуық­талған-жарамды деңгейі (ЖЖД) бойынша бағаланып отыр­ған. Демек, гептил төгілген топы­рақты тазарту оның тіршілік әре­кетіне зиянын тигізбей қой­майтын әдістермен жүргізіліп келді.

Ол кездері республикадан зы­­­­мы­­­­рандарды ұшырудың қор­­шаған орта мен халықтың ден­сау­лығына тигізетін әсеріне ны­са­на­лы, кешенді түрде зерттеу жүр­гізілмеді. Ресей тарапы беретін зымыран тасығыштарды ұшыру нәтижелері туралы ақпарат ғарыштық-зымыран қызметінің қоршаған орта мен халықтың ден­саулығына тигізетін әсеріне баға беруге мүмкіндік бермейтін шектеулі көрсеткіштерден тұра­тын еді. ҚазақстанҮкіметі мен Ре­сей Үкі­­ме­­тінің арасындағы «Бай­қо­ңыр» ғарышайлағын жалғаалу-беру келісімшартында және Ресей­дің «Байқоңыр» кеше­нін жалға алуы жағдайында оның аумағындағы экология және табиғат пайдалану жөнінде жасасқан оданкейінгі келісімдерде ғарыштық-зымыран қызметін жүзеге асыру кезіндегі ұйымдастыру шарттары ғана тұ­жы­рымдалған.

Республика үшін ғарыштық-зы­мыран қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету са­ла­сындағы өткір мәселелер 1999 жы­­лы Қарағанды облысында «Про­тон» зымыран тасығыштарын ұшы­­ру кезінде орын алған екі апат­­тан кейін ерекше өзектілікке ие бола бастады. Бұлжағдай 2001 жылы «Ин­фра­кос-Экос» еншілес мем­лекет­тік кәсіпорнының құры­луына, кейіннен оның Қорғанысж әне аэро­ғарыш өнеркәсібі министр­лігі Аэроғарыш комите­тінің «Ғарыш-Экология» ҒЗО» респуб­ликалық мемлекеттік кәсіпорны ретінде қайта құрылуына негіз болды. Оның қызметінің негізг ібағыттары: «Байқоңыр» ғарышайлағынан зымыран тасығыштарды ұшырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына тигізетін әсерін бағалау жұмыстарын ұйым­дас­тырып, жүргізу, сондай-ақ, олар­дың жағымсыз әсерінің алдын-алу және оны азайту іс-шара­ларын әзірлеп жүргізу.

Кәсіпорын бұл жұмыстарды жү­­­­зе­­ге асыру үшін, ең алдымен, хи­­мия­лық-экологиялық зертхана құру қажет болды. Мұндай зертхана қор­шаған орта нысандарының зымыран отыны – гептилмен ластану деңгейін анықтауға арналған, ол кездері рес­публикада жоқ қажетті жабдықтармен, аспаптармен және өлшеуді орындау әдістемелермен жарақтандырылуы тиіс-ті.

2002 жылы Алматыда ста­­цио­­нар­лық химия-экологиялық зерт­­­­ха­на құрылды. 2010 жылы Бай­­қоңыр және Жезқазған қа­ла­ларында осындай химия-эко­логиялық зертханалар құры­лып, Жезқазғанда екі КамАЗ авто­көлі­гіне орнатылған жылжы­ма­лы зерт­хана жасақталды. Со­ның негізінде республикадағы «Бай­­­қоңыр» ғарыш айлағының ға­­рыш­тық-зымыран қызметінің әсе­­ріне ұшыраған аумақтардың қор­­шаған ортасына баға беру бо­йын­ша экологиялық және гигие­налық зерттеулер жүргізуге, ға­рыш қыз­метін экологиялық норма­лау жүйесін құруға бағытталған ғылыми-қолданбалы зерттеулерді орындауға нақты мүмкіндік туды.

Мұның бәрі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран тасығыштарды ұшырулардың еліміздің қор­ша­­ған ортасы мен халқының ден­­сау­лы­ғы­на ти­гізетін әсе­рі­не баға беру бойынша бірлес­кен Қазақстан-Ре­сей бағдарла­маларының іс-шара­ларын сәтті іске асыруға мүм­кін­дік берді. Жоғарыда аталған жағ­дайлар­дың барлығы кәсіпорынның эко­ло­­гия­лық нормалаудың нор­ма­­тив­тік-әдістемелі базасын құру­да ғылы­ми зерттеулерді жетіс­тік­пен орындауы үшін қажетті мате­риалдық-техникалық және химиялық-талдамалық базасын да­мытуға, жоғары білікті кадр әлеуетін қалыптастыруға мүм­кін­дік тудырды. «Байқоңырдың» ғарыштық-зы­мыран қызметін экологиялық нор­малау жүйесін құрудың өзек­тілігі ғарыш айлағы мен зымы­ран­ тасығыштардың алғашқы са­ты­лары құлайтын аудандар рес­публиканың орталық бөлігінде орна­ласуымен, сондай-ақ, зымыран ұшырудың экожүйелерге көп факторлық, аса ауқымды және қайталап әсеретуімен байланысты. Бұл жұмысқ ақатысты негізгі ұс­та­ным профессор М.Қ.Наурыз­баев­тың редакциясымен жарық көр­­ген «Бай­қоңыр» ғарышайлағы­ның ғарыштық-зымыран қызметін экологиялық нормалау жүйесі» ат­ты ұжымдық монографияда (2016 ж.) баяндалған.

«Ғарыш-Экология» ҒЗО» рес­пуб­ликалық мемлекеттік кәсіп­орны зымыран тасығыштар ұшы­ру­ларының әсеріне ұшыраған аудан­­­дарда көптеген жылдар бойы жүргізген зерттеулерінің нәти­желері «Байқоңыр» ғарыш айла­ғының экологиялық қауіпсіздігі ат­ласында» көрсетілген (ғылымикеңес­ші – ҚР ҰҒА академигіТ.А.Мұса­баев). Атласта ұсы­ныл­­­­­ған сұл­­­ба­лар, графиктер, кес­­те­лер 1999 жылдан бас­тап зымыран тасығыштардың ажырайтын бөліктерінің құлау аудан­дарының экологиялық ахуалын, ға­рыш айлағының нысандары­на іргелес орналасқан елді мекен­дердің тіршілік ортасы мен халқы­ның денсаулық күйі негжей-тег­жей­лі сипаттайды. Гептил мен оның туынды зат­тары топырақтың биология­лық белсен­ділігіне және фитоуыт­ты­лығына әсер етеді. Авторлар қолданбалы ғылыми- зерттеулер нәтижесінде Т-1 зымыран керосині мен гептилдің тұрақты және уытты түрлену өнімдерінің: гидразин, метилгидразин, нитрозодиметиламин, тетраметилтетразен, диметиламин, триметиламин, диметилформамид, метилтриазолдың топырақта болуының гигиеналық нормативтерін әзірлеп, олар мемлекеттік деңгейде бекітілді. Нормативтердің болуы уытсыз­дан­дыр ужұмыстарының (топы­рақты отын компоненттері мен олардың ыдырау өнімдерінен тазартудың) тиімділігін бағалау­ға мүмкіндік береді, қоршаған орта нысандарындағы гептилдің химиялық түрлену өнімдерін өлшеу әдістемелерін жетілдіруге және апаттардың салдарынан қоршаған орта мен халықтың денсаулығына тигі­зілетін эко­номикалық нұқ­сан­­­ды ба­ға­лауға мүмкіндік бе­ре­ді. Зерт­­теулер нәтижелері ав­тор­­лар­дың «Топырақтағы 1,1-ди­метил­ги­дразиннің туынды заттарын ги­гие­налық регламенттеу» (2014 ж.) анықта­малық еңбегінде жарияланған.

Ғарыштық-зымыран қызметінің табиғи ортаның ахуалына тигізетін техно­гендік әсеріне баға беру үшін кә­­сіп­орынның «Ғарыштық-зымы­ран қызметінің әсеріне қарсы экологиялық тұрақ­тылық критерийлер жүйесі» (ЭТКЖ) стандарты әзірленгенін, қол­да­нысқа енгізілген. Бұл эко­логиялық норматив сыни жүк­те­­­мелердің деңгейін, яғни таби­ғи нысанға бір немесе бірнеше лас­таушының тигізетін әсерінің рұқсат берілетін ең жоғары дең­гейін анықтауға мүмкіндік береді. Осы технология бойын­ша «Про­тон», «Зенит», «Союз», «Днепр» ға­рыш­тық мақсат­та­ғы зымыран­дарының алғаш­қы сатылары құла­ған 12 аудан зерттелді. Құлау аудан­­дарын­да ау­мақтар химиялық, механи­­калық және пирогендік жүкте­ме­­лердің деңгейлері бойынша, топы­рақтардың, табиғи сулардың, флора мен фауна өкілдерінің оларға қарсы тұра алу деңгейлері бойын­ша аймақтарға бөлінді. Құлау ауданда­рындағы қыстаулар мен оларғаі р­ге­лес ау­мақтарда орналасқан елді мекендердегі тұрғындардың өмір сапасы мен денсаулық күй іескерілген. Аталған жұмыстың нәтижелері бойынша «Қазақстан Республикасы аумағының ғарыштық-зымыран қызметінің әсеріне қарсы эколо­гиялық тұрақтылық критерийлер жү­йе­сі» монографиясы (2008 ж.) мен Жай­лаубай Жұбатовтың редак­циялық етуімен «Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметінің эколо­гиялық қауіпсіздігі» атты ұжым­дық монография (2011ж.) жарық көрді.

«Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК мен әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті «Физика-химиялық талдау әдіс­терінің орталығы» еншілес мем­лекеттік кәсіпорнында әзірленген заттардың массалық үлесін өлшеу әдістемелері жоғары дәлдігімен сипатталады. Мысалы, топырақтағы нитрозодиметиламинді өлшеу әдіс­те­мелері жал­пыға бірдей қа­был­­данған әдіс­темелерден 7 есе, ал тетра­метилтетразенді өлшеу әдістемелері 1,4 есе сезімтал. Авторлар топырақты Т-1 зымы­ран керосині мен гептилден хи­миялық және биологиялық та­зар­тудың экологиялық қауіпсіз үй­лестірілген әдістерін әзірлеп, қол­данысқа енгізді. Химиялық әдіс геп­тил­мен ластанған топырақты тотығу процесін жылдамдататын металдарды қолдана отырып, гидроперит пен тотықтыруға не­гіз­дел­ген.

«Байқоңыр» ғарыш айлағының ғарыштық-зымыран қызметін эко­логиялық нормалау жүйесін әзір­леу мен ендіру бойынша ғы­лыми жетіс­тіктер ғарыштық-зымы­ран қызметінің қоршаған ор­та мен ха­лықтың денсаулығына әсе­рінің дәрежесін анағұрлым жоға­ры деңгейде анықтауға мүмкін­дік береді. Және мұндай жетістік Қазақстан Республикасы Қорға­ныс және аэроғарыш өнер­кәсібі министр­лігі Аэроғарыш ко­митеті­нің «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК, әл-Фараби атындағы Қа­зақ мемлекеттік уни­верситеті «Фи­зика-химиялық талдау әдіс­терінің орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны, «Орталық Азиялық экологиялық зерттеулер институты» ЖШС және «AspanTau LTD» ЖШС ғалымдарының бірлескен мақсатты зерттеулерінің нәти­жесінде мүмкін болды. Ғалымдардың Қазақстан Рес­­пуб­­ли­касының әл-Фараби атын­­да­ғы ғылым және техника саласын­дағы Мемлекеттік сыйлығына ізденуге арналған «Байқоңыр» ғарыш айлағының ғарыштық-зымыран қызметін экологиялық нормалау саласындағы іргелі еңбегі отандық экологиялық ғы­лымның елеулі жетістігі болып табылады.

Мейірбек МОЛДАБЕКОВ,

ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы,

профессор

АЛМАТЫ

Егемен Қазақстан газетінен сілтеме:https://egemen.kz/article/gharysh-aylaghynynh-ekologiyasyn-zertteu-isine-ules