26.04.2017

«Союз-МС-04» КПК-мен «Союз-ФГ» ЗТ-ның ұшырылымын экологиялық сүйемелдеу

«Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК 2017 жылдың 07 және 24 сәуірі аралығында 2017 жылдың 20 сәуірінде Мәскеу уақыты бойынша 10 сағат 13 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан жүзеге асырылған «Союз-МС-04» КПК-мен «Союз-ФГ» ЗТ-ның ұшырылымын экологиялық сүйемелдеу жұмыстары жүргізді.

Аталмыш ұшырылымды экологиялық сүйемелдеу жұмыстары Байқоңыр ғарыш айлағының орналасу ауданында (31-алаң. ЖС, 1-алаң. СК), Қарағанды облысының Ұлытау ауданындғыа «Союз-ФГ» ЗТ-ның бірінші сатысының құлау ауданы (№ 16, 49 ҚА) мен Қызылорда облысының елдімекендерінде (Байқоңыр қ., Ақай, Төретам а.) жүргізілді.

Ғарыш айлағының орналасу ауданында «Союз-МС-04» КПК-ны 31-алаң. ЖС-да жанармай құю бойынша арнайы жұмыстарды жүргізу кезінде және одан кейін және 1-алаң. СК-да «Союз-МС-04» КПК-мен «Союз-ФГ» ЗТ-ға жанармай құю бойынша арнайы жұмыстар кезінде және ЗТ-ның ұшырылымынан кейін қоршаған орта нысандарының ластану деңгейін бақылау жұмыстары жүргізілді.

2017 жылдың 7 сәуірінде 31-алаң. ЖС-да «Союз-МС-04» КПК-ға жанармай мен тотықтырғышты құю кезінде атмосфералық ауаның жерге жақын қабатын аспаптық өлшеу жұмыстары жүргізіліп және атмосфералық ауа сынамалары алынды, «Союз-МС-04» КПК-ға жанармай құйғаннан кейін топырақтың беткі қабатының сынамалары алынды.

2017 жылдың 20 сәуірінде 31-алаң. ЖС-да «Союз-ФГ» ЗТ-ға жанармай құю кезінде атмосфералық ауаның жерге жақын қабатын аспаптық өлшеу жұмыстары жүргізілді, «Союз-ФГ» ЗТ-ның ұшырылымынан кейін топырақтың беткі қабатының сынамалары алынды.

«Союз-ФГ» ЗТ-ның бірінші сатыларының құлау ауданында (№ 16, 49 ҚА) 2017 жылдың 18 және 24 сәуірі аралығында фондық нүктелері және «Союз-ФГ» ЗТ-ның бүйірлік блоктарының құлау орындары тексерілді, ЗТ бүйірлік блоктарының құлау орындарының географиялық координаталары алынып және жағдаяттық сұлбалары әзірленді, фондық нүктелерде «Союз-МС-04» КПК-мен «Союз-ФГ» ЗТ-ның ұшырылымына дейін және одан кейін және «Союз-ФГ» ЗТ-ның бүйірлік блоктарының құлау орындарында атмосфералық ауаның аспаптық өлшеулері жүргізіліп және топырақ сынамалары алынды.

Байқоңыр қ., Ақай, Төретам елдімекендерінің тіршілік ортасының күйіне «Союз-МС-04» КПК-мен «Союз-ФГ» ЗТ-ның ұшырылымына дейін және одан кейін баға беру үшін атмосфералық ауаның жерге жақын қабатын аспаптық өлшеу жұмыстары жүргізіліп, топырақтың беткі қабатының сынамалары және ауыз су сынамалары алынды.

Камералық кезеңде қоршаған орта нысандарының алынған сынамаларына оларда ластаушы заттардың болу-болмауына қатысты сандық химиялық талдау жүргізілді, далалық және зертханалық жұмыстардың нәтижелері ГАЖ-технологиялары қолданумен талдаудан және өңдеуден өткізілді.

Skip to toolbar