21.02.2022

«Прогресс MS-19» «Союз-2.1a» тасымалдағыш-зымыранының сәтті ұшырылымы

2022 жылдың 15 ақпанында Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 10 сағат 25 минут 40 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының №31 алаңшасынан «Прогресс МС-19» көліктік жүк кемесімен «Союз-2.1а» тасымалдағыш-зымыранының ұшырылымы жүзеге асырылды.
Ұшырылым штаттық режимде өтті. Тасымалдағыш-зымыранының бүйірлік блоктары Қарағанды облысының Ұлытау ауданында орналасқан Ю-25 аймағының (49, 67 70 ҚА) ішіне құлады.
«Инфракос» РМК қызметкерлерінің күшімен Байқоңыр ғарыш айлағының орналасу ауданында ұшырылымды экологиялық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді, отын құю бойынша арнайы жұмыстарды жүргізу кезінде атмосфералық ауа аспаппен өлшеніп және «Союз-2.1а» ТЗ ұшырылымынан кейін топырақ сынамалары алынды.
«Инфракос» РМК-ның Жезқазған қ. Өкілдігінің қызметкерлері Ресей тарапымен бірлескен түрде тасымалдағыш-зымыранының ажырайтын бөліктерінің құлаған жерлерінен қоршаған орта сынамаларын алумен және атмосфералық ауаны аспаппен өлшеумен, оларды экологиялық зерттеу жұмыстарына кірісті.

Skip to toolbar