11.08.2022

Проект «505» «Союз-2.1б» тасымалдағыш-зымыранының сәтті ұшырылымы

2022 жылдың 9 тамызда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша 11 сағат 52 минут 38 секундта Байқоңыр ғарыш алаңшасынан Проект «505» ұшқышпен басқарылатын көліктік кемесімен «Союз-2.1б» тасымалдағыш-зымыранының ұшырылымы жүзеге асырылды.

Ұшырылым штаттық режимде өтті. Тасымалдағыш-зымыранының бүйірлік блоктары Костанай облысының Жангельды ауданында орналасқан 120А ҚА ішіне құлады.

«Инфракос» РМК қызметкерлерінің күшімен Байқоңыр ғарыш айлағының орналасу ауданында ұшырылымды экологиялық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді, отын құю бойынша арнайы жұмыстарды жүргізу кезінде атмосфералық ауа аспаппен өлшеніп және «Союз-2.1б» ТЗ ұшырылымынан кейін топырақ сынамалары алынды.

«Инфракос» РМК қызметкерлері Ресей тарапымен бірлескен түрде тасымалдағыш-зымыранының ажырайтын бөліктерінің құлаған жерлерінен қоршаған орта сынамаларын алумен және атмосфералық ауаны аспаппен өлшеумен, оларды экологиялық зерттеу жұмыстарына кірісті.

Skip to toolbar