26.09.2017

Ү.ж. 29 қыркүйекке «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасығыштың ұшырылуы жоспарланған

2017 жылдың 29 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 00:52-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ауыр класты «Протон-М» зымыран тасығышпен «АзиаСат-9» ғарыш аппаратын ұшыру жоспарланып отыр.

«Бриз-М» үдеткіш блогы бар «Протон-М» зымыран тасығыштың ұшыруы «Байқоңыр» ғарыш айлағының 200 алаңынан №39 ұшыру қондырғысынан жүзеге асырылатын болады.

«АзиаСат-9» телекоммуникациялық серігі «Asiasat» (Гонконг) компанияның тапсырысы бойынша «SpaceSystemsLoral» (АҚШ) фирмамен жасалынды. Ғарыштық аппарат Азия-Тынық мұхит аймағының аумағында теледидар және  телекоммуникациялық саласында қызметтерді көрсету үшін арналған.

Естеріңізге сала кетейік, Ғарыш аппараттарын ұшырудың бекітілген жоспарына сәйкес «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ү.ж. 12 қыркүйекте «Амазонас-5» ғарыштық аппараты бар «Протон-М» зымыран тасығыштың ұшыруы, ал ү.ж. 13 қыркүйекте «Союз МС-06» транспорттық басқарылатын кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран тасығыштың ұшыруы сәтті өтті.

Skip to toolbar